KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

"Жасыл ел-2020" ауданды көркейтуге күш салды

28.08.2020, 07:17 207

Биыл ауданымызда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысына аудандық бюджеттен 4 млн. 700 мың теңге бөлінді. 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық штабы филиалымен шарт жасалды.

Еңбек жасақтарында биылғы жаз мезгілінде 100 сарбаз екі маусым бойында жұмыс атқарды. Әр маусымда 50 адамнан жұмыс істеді. Бірінші кезең 17 маусым мен 16 шілде аралығында өтті. Онда берілген квота бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінде – 20, Катонқарағайда 10, Өрел, Алтынбел, Жаңахайрузовка, Аққайнар ауылдық округтерінде бес-бес сарбаздан жұмыс атқарды.

-Алғашқы еңбек маусымында «жасылелдіктер» өз елдімекендерінде орталықтардағы гүлзарларды күтіп-баптау, аумағын арам шөп пен қоқыстан тазарту, жол жиектері ағаштарды әктеу секілді жұмыстарды атқарды (4,6 гектар аумаққа). Онан бөлек, жастар жалпы аумағы 11,4 гектар құрайтын көшелер мен тұрғындардың демалатын табиғат аясындағы орындарға санитарлық тазалық жүргізді. Жекелей округтердегі жұмыстарды алсақ, мәселен, Аққайнарда 50-ге жуық әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Үлкен Нарын ауылдық округінде еңбек сарбаздары "Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбына арналған адалдық сағатын өткізген. Сондай-ақ, ауылдық округтердің барлығында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, жастардың шығармашылық әлеуеттерін арттыру мақсатында "Абай әлемі" атты челлендж ұйымдастырылды. Үлкен Нарында «Жасыл ел» жасақтары «Таза жағалау» атты акция аясында Балғын ауылы маңындағы «Балғын шатқалы», Нарын өзені, Бұқтырма су қоймасының жағалауы және Васильев өткелінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді, - дейді аудандық Жастар реусурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Қуаныш Оралұлы.

Екінші еңбек маусымы 13 шілдеден 12 тамызға дейінгі аралықта жалғасты. Бұл кезеңде Үлкен Нарын ауылдық округінде – 21, Катонқарағайда 9, Өрел, Алтынбел, Жамбыл, Аққайнар ауылдық округтерінде 5 сарбаздан жұмыс атқарды. Бұнда да жастар ауылдардағы гүлзарлар мен адамдар келіп демалатын орындарға, көшелерге тазалық жұыстарын жүргізді, ағаштарын әктеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жасыл ел» сарбаздары Үлкен Нарын ауылдық округінде «Өзіңе сың айт» атты спорттық акциясын ұйымдастырды.

- Семей қаласындағы «Жасыл ел» республиалық штабының филиалы ауданымызда жаз бойында еңбек еткен 100 сарбазды футболка және кепка сияқты жұмыс киімдерімен қамтамасыз етті. Биылғы «Жасыл ел» маусымымының жабылуы аудан орталығында жастардың флешмоб акциясымен аяқталды. Қорыта айтқанда, осы жылы жастар ауданымызды көркейту бағытында әжептәуір жұмыстарды атқарды деуге болады. Барлығы да тиесілі өздерінің жалақыларын алды. Аудандық Жастар ресурстық орталығынан жастар қолдарына айына 42 500 теңгеден, облыстық штабтан 27 900 теңгеден алып отырды. «Жасыл елге» қатысып, өңіріміздің абаттандырылуына үлес қосқан барша жастарға үлкен алғысымызды білдіреміз, -дейді Қ.Оралұлы.

Тимур Смағұлов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив