KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Өскеменде әйел дәрігеріне бір күнде жүзге жуық адам тегін қаралды

ШҚО көпсалалы хирургия және онкология орталығынан

15.09.2024, 16:00 227 Назерке Каримова

ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында гинекологиялық обырды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Ашық есік күні Шығыс Қазақстан облысының 75 тұрғыны дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан онкологиялық орталық мамандарының кеңесін алды.

Гинекологиялық обыр - жатыр мойны обыры, жатыр денесінің обыры, аналық без обыры, сыртқы жыныс мүшелері сияқты ауруларды қамтитын қатерлі ісіктер тобы. Дәрігер тексеру кезінде, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін зерттеген кезде көбінесе патологиялық ауруларды анықтауы мүмкін. Сондықтан әйелдерге гинекологқа жиі, жылына кемінде бір рет қаралу ұсынылады.

-  Дәрігерлер Ашық есік күніне келушілерден онкоцитологияға жағынды алды. Бұл зерттеу жатыр мойнының қалыптан тыс жасушаларын анықтауға мүмкіндік береді. Орталық мамандары облыс тұрғындарына скринингтен тұрақты түрде өтіп отыру қажеттігін еске салды, онкологиялық сақтық туралы, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар айтты, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.


Ашық есік күндері дәстүрлі түрде демалыс күндері өтеді. Бұл көптеген адамдардың дәрігерге қаралуына мүмкіндік жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив