KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
523.86 544.34 5.11

Шығыс Қазақстандық дәрігерлер патологиясы бар әйелдің сәби сүю мүмкіндігін сақтап қалды

16.09.2024, 18:00 661 Қуаныш Рахметоллаұлы

Шығыс Қазақстандық дәрігерлер сирек кездесетін патологиясы бар әйелге  технологиялық күрделі ота жасап, оның сәби сүю мүмкіндігін сақтап қалды. 
Облыстық  мамандандырылған медициналық орталықтың гинекологтары жүктіліктің сирек кездесетін түрі –  жатырдан тыс  жүктілікке қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, сәтті ота жасап шықты, ең бастысы – әйелдің  маңызды органын сақтап қалды. 

-Жүктіліктің жатыр мойнында дамуы  -  бұл сирек кездесетін  жағдай әрі қауіпті асқыну болып саналады. Өмірде мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және  барлық жүктіліктің  екі-үш пайызын құрауы мүмкін. Бұрын оны емдеудің жалғыз жолы -  жатырды алып тастау болатын. Қазір біз жоғары технологиялық медициналық көмектің арқасында әйелдің  бала көтеретін мүшесін  сақтап қала аламыз. Мұндай ота науқастың денсаулығына қауіп төндірмейді және болашақта оған дені сау бала туғуа  мүмкіндік береді, - деп атап өтті орталықтың гинекология бөлімінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева. 
Гинекология және инновациялық медицина бөлімшелерінің дәрігерлері Ғұмар Каденов, Шырын Мұхаматекалиева, сондай-ақ аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева отаны екі кезеңде жасады.


Бұл жерде науқастың өміріне қауіп төніп қана қоймай, таразы басында оның  келешекте ана болу бақыты да тұрғанын айта кеткен жөн.
- Мен үшін өмірдің осындай қиын кезеңінде дәрігерлер маған сезімталдық танытып, жағдайымды түсінуге тырысты.  Сол үшін оларға алғысым шексіз. Менің басымнан өткен оқиға бүгінгі таңда осындай мықты мамандар мен медициналық технологиялардың бар екендігінің жарқын мысалы екеніне сенімдімін. Осындай қиын жағдайда әйелге бақытты ана болуға деген үмітті сыйлайтындары  үшін де  дәрігерлерге ризамын, - деді науқас. 
Айта кетейік, орталықтың гинеколгтары 2021 жылдан бастап жаңа әдіспен  аз қан кеткен күннің өзінде ұрықты алып тастауды меңгерген, бұл әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу