KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Көшпенділер ойындарында жүлделі болған шығысқазақстандықтар оралды

Махаббат Ахметжанова
Махаббат Ахметжанова
15.09.2024, 12:00 260 Назерке Каримова

Өскемендіктер Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс және қола қанжығалаған қос аруды қарсы алды.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы әуежайда көшпенділердің дәстүрлі ойындарынан өткен олимпиадада жүлделі орындарға ие болған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеде жерлестеріміз дәстүрлі садақ атудан командалық сайыста Ажар Төлеуқанова күміс жүлдеге, ал мас-рестлингтен командалық сайыста Тахмина Қожамбердиева қола жүлде алды.

- Көшпенділер ойындарындағы басты қарсыластарым – Қырғызстанның спортшылары болды. Бұл ойында қола қанжығаладым, бірақ келесі ойындарда бұдан да жақсы дайындалып, алтын алуға тырысамын, - деді Тахмина Қожамбердиева.


Ал еліміздің садақшылар командасында  ойынға қатысуға лицензия алған төрт бұрымды болса, соның бірі біздің жерлесіміз Ажар Төлеуқанова еді.

- Дәстүрлі садақ атудан шешуші сайыста итальяндық спортшылармен сынға түсіп, 7:0 есебімен басым түстік. Ал алтын үшін Австрия садақшыларымен сайыстық. Бүкіл қазақ елі тікелей эфирден біздің спортшылардың жақсы нәтиже көрсеткенін тамашалады. Бірақ жамбы нысанасы өте кішкентай және жел соғып қозғалып тұрды. Бізге сәл сәттілік жетіспеді, жебелер тигенімен тайқып кетіп, құлап қалып жатты, - деді Ажар Төлеуқанова.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу