Референдум алдында сайлау учаскеңізді анықтап алыңыз
freepik.com
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтеді.
Референдум "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауал төңірегінде өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы орайда Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындарға өз сайлау учаскесін анықтап алу қажеттігін ескертеді. Өскемендіктер өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады:
@vote_vko_bot телеграм-боты
109 бірыңғай байланыс орталығы
digital East қосымшасы арқылы
- Телеграм-боты немесе қосымшада сіздің сайлау учаскеңіз жайлы деректер болмаған жағдайда 8 (7232) 266536 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі. - Call-орталықтың бұл нөмірі арқылы сайлау процесіне, дауыс беру рәсіміне және сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты заңнамалық нормалар туралы да ақпарат білуге болады.
Оқи отырыңыз