KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Өскемен қаласында жаңа аллея ашылды

15.09.2024, 14:00 178 Назерке Каримова

Өскемен қаласының «Нұрлы жол» ықшам ауданында жаңа аллея ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тұрғындардың назарына мерекелік бағдарлама, аниматорлар қойылымы мен түрлі ұтыс ойындары өтті.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» шеңберінде аудан тұрғындары арасында байқау ұйымдастырылып, «Ең жасыл аула», «Ең жақсы кіреберіс», «Ең қауіпсіз үй», «Ең тату үй» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

- Біз «Нұрлы жол» ықшам ауданында жаңа аллеяның ашылуына байланысты мерекелік бағдарлама ұйымдастырдық. Енді бұл жерді таза ұстау маңызды. «Таза Қазақстан» - уақытша акция емес, экологиялық әдепке жол болып табылады. Сондықтан азаматтардың өз қаласына, аулаларына деген сүйіспеншіліктерін ояту маңызды. Аллеяны ашу салтанатында біз аудан тұрғындары арасында байқау өткізіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін марапаттадық, - деп атап өтті ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив