KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды

13.07.2022, 10:24 333

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".
  • Бұған дейін Президент сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы заңға қол қойған болатын.

    Еске салайық, түзетулердің мақсаты - қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

    Түзетулер бойынша:

    • қаржы (инвестиция) пирамидаларын құрғаны және оларға басшылық еткені үшін жазаны қатаңдату;
    • қаржы (инвестиция) пирамидасы ақпаратын жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрон ақпарат ресурстары арқылы елеулі залал келтіре отырып, адамдарды тартқандарға қылмыстық жауаптылықты енгізу;
    • қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалағаны үшін тергеуді тағайындау.

    Қаржы пирамидаларын жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 1-бөлім бойынша 2000 АЕК дейін айыппұл cалынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 4-бөлім - білікті құрам, мұнда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу