KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

"Балаларды мектептен алып кетуі керек" - министрлік

21.08.2020, 04:10 217

2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналарға оқу жылының қалай басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Онлайн өткен ата-аналар жиналысы барысында сынып жетекшілері оқушыларының қандай оқыту форматын таңдағанын түсіндірді. Жаңа оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады.

"Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқи алады. Бұл ретте білім алушылар мен педагогтердің дене қызуы күн сайын өлшенеді. Кезекші сыныпта созылмалы аурулары жоқ балалар ғана білім ала алады", - делінген хабарламада. 

Бір сыныпта оқушы саны 15-тен аспайды. Өтініштерді сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдайды. "Кезекші сыныпқа" қабылдау 25 тамызда басталады.

Ата-аналар балаларды мектепке алып келіп, үйіне өзі алып кетуі керек. Кезекші сыныптарда сабақтың ұзақтығы 40 минут болады.  Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі уақытта беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу