KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, СШ
481.19 538.45 5.18

Өскеменде жол ережесін бұзған шенеунік жазаланды

15.08.2020, 07:22 215

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қол астындағы қызметкерінің жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше әлеуметтік желіде Өскемен тұрғыны жариялаған видео тарады. Видеода қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің автокөлігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйдің ауласындағы көліктердің жолын бөгеп тұрғандығы көрсетілген. Ал сол көлік тізгінінде аталған бөлім басшысы Еркін Тұраров болды», - деп жазды әкім Instagram -дағы парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, ТҮКШ бөлімінің басшысы көлікті ауладағы тұрақтан шығарып, полицияның келуін күтті.

«Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ бөлім басшысына жол қозғалысы ережелерін бұзбау және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау қажеттігі жайлы түсіндірілді», - дейді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив