Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Өскемен әкімі Жақсылық Омар коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша қала әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды.
Бұл лауазымға Денис Викторович Федченко тағайындалды.
Денис Викторович – Өскемен қаласының тумасы. 14 жылдан астам уақыт коммуналдық секторда жұмыс істеген. Соңғы жылдары Аумақтық басқару орталығы (КМС) басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, барлық филиалдардың жұмысына жетекшілік етті.
- "Өскемен Тәртіп" коммуналдық кәсіпорнының басшысы болған кезде қалалық ортаны күтіп ұстау мен дамыту бойынша мәселелермен жете танысты.Оның осы үлкен тәжірибесі ведомствоға бағынышты сектордың барлық мекемелері мен қызметтерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді деген ойдамын, - деп жазды Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Лауазымдық міндеті бойынша Денис Викторович құрылыс, сәулет, жер қатынастары, ТҮКШ, қоғамдық көлік және автомобиль жолдарына қатысты мәселелерге жетекшілік етеді.
Оқи отырыңыз