KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да 54 емхана жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге көшеді

14.08.2020, 03:53 227

Шығыс Қазақстан облысындағы емханалар жуық арада науқастарды жоспарлы түрде қабылдай бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

17 тамыздан бастап өңірдегі 54 медициналық ұйым науқастарды жоспарлы түрде қабылдай бастайды. Дегенмен медициналық көмек көрсету жоспары әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін, – деп мәлімдеді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.

Әбілов мырза айтқан тізімде «Ана мен бала орталығы», «Онкология және хирургия орталығы», «Ядролық медицина және онкология орталығы» сынды медициналық ұйымдар бар.

Жалпы елімізде 1 тамыздан бастап біртіндеп жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетілуде. Бірінші кезекте республикалық деңгейдегі мамандандырылған емханалар науқастарды қабылдай бастады. Одан кейін ауруханаға жатқызуды облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді емханалар қолға алды. Айта кетуіміз керек, бұл емханалар коронавирусқа қарсы іс-шараларға пайдаланылған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу