KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Мектептердің 60 пайызы онлайн режімде жұмысқа кіріседі - ШҚО

11.08.2020, 10:48 1 867

Шығыс Қазақстан облысындағы 312 мектепте оқыту қашықтықтан ұйымдастырылады. Бұл туралы тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

2020-2021 оқу жылында 109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды. ШҚО әкімінің айтуынша, ата-аналардың өтінініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Алайда топта тек 15 адам болуы және барлық санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. 

Осы форматтағы оқыту жүйесіне сәйкес шамамен 5 319 топ ашылып, 55,6 мың оқушы білім алады.

Үстіміздегі жылы қашықтан оқыту жүйесінің режімін түсіндіру мақсатында бірыңғай балалар сағаты мен бірыңғай ата-аналар дәрісі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы шаралардың қашан өтетіні туралы өосымша ақпарат беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу