KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да жоспарлы медициналық көмек 17 тамыздан бастап көрсетіледі

7.08.2020, 08:04 1 121

Облыста жоспарлы медициналық көмектің жұмысы 17 тамыздан бастап қайта жанданады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жұмысты кезең-кезеңмен бастау үшін арнайы жоспар әзірленді.

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.⠀

- Қазіргі таңда төсек-орын қоры 25,7%-ға бос емес.  Оң динамика байқалады, ол сақталған жағдайда жоспарлы медициналық көмек 17 тамыздан бастап жұмыс істейді деп айта аламыз, - деді Ілиям Мүхамеджан.

Дегенмен карантиндік шараларға қарамастан онкологиялық, психиатриялық, психологиялық, фтизиатриялық, онкогематологиялық, паллиативті және гемодиализді көмек жұмысын тоқтатпағанын еске саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу