KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, З
501.79 595.07 6.56

Өскеменде 210 төсектік инфекциялық бөлім ашылады

5.08.2020, 09:58 956

Қыркүйектің ортасына қарай Өскеменнің бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратында 210 төсектік инфекциялық бөлім ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

Қазір аймақтағы төсек орын қорының жүктемесі 30%-ға төмен екен.

- Бірақ күзде болуы ықтимал коронавирус пандемиясының екінші толқынымен қатар, дәстүрлі тұмау мен жедел респираторлық аурулардың асқынатынын ескеруіміз керек. Статистика бойынша былтыр қыркүйекте тұмаумен 3,5 мың, қазан айында 5 мың адам ауырған. Сондықтан қысқа мерзімде ЖМЖА ғимаратында заманауи жабдықталған тағы бір клиника іске қосылуы керек, - дейді аймақ басшысы.

Қазір аурухананың ғимаратында ескі құрылымдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 15-20 қыркүйектен кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Облыс әкімінің айтуынша, мұнда қойылатын компьютерлік томографқа және жұқпалы аурулар бөліміне қажетті әлемдік стандарттарға сай медициналық жабдықтарға тапсырыс беріледі.

Пандемия аяқталғаннан кейін бұл бөлімше Шығыс Қазақстанның пульмонологиялық орталығына айналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу