KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

«Ковид-пациенттерді» орналастыру үшін ШҚО-да аудандық ауруханалар жөнделді

30.10.2020, 19:38 122

Ковидтік пациенттерді орналастыру үшін ШҚО-да бірқатар стационарлар жөнделді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Аатап айтқанда Өскемендегі облыстық мамандандырылған медициналық орталық, №4 қалалық аурухана, Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасы мен Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Жарма, Катонқарағай, Ұлан, Глубокое, Күршім, Тарбағатай аудандық ауруханалары жөнделді.

Облыста 2078 инфекциялық төсек-орын және 220 карантиндік төсек-орын бар. Инфекциялық стационарларға барлығы 566 пациент (27,2%), карантиндік стационарларға 43 пациент (19,5%) жатқызылды.

ШҚО бойынша COVID-19 науқастары үшін төсек-орын қорының жүктемесі 26,5 пайызды құрайды.

Айта кетейік, ШҚО-да 40 инфекциялық стационар әзірленіп, толық медициналық жабдықталған 6010 төсек-орын дайын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив