Толық медициналық жабдықпен 6010 төсек-орын дайын - ШҚО
![](/kz/uploads/posts/iblock/600/60074473f0f13db34875620097879e60.jpg)
Коронавирустық инфекцияның «екінші толқыны» кезеңінде уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстанда 40 инфекциялық стационар әзірленіп, толық медициналық жабдықталған 6010 төсек-орын дайындалып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Инфекциялық стационарлар I, II, III деңгейлердегі сабақтастық пен аймақтандырудың бірыңғай жүйесінде 6010 төсек-орынға (I деңгей – 4 215 (70,1%), II деңгей – 570 (9,4%), III деңгей – 1 225 (20,5%)) жұмыс істейді.
- COVID-19-дың алғашқы жағдайы тіркелген сәттен бастап науқастар саны 12 есеге өсті. Бастапқыда 100 инфекциялық, 411 провизорлық төсек-орын әзірленген болатын. Ал қазір реанимациялық төсек-орын саны 11 есеге, яғни 34-тен 399 төсек-орынға дейін артты. Бұл төсек-орын тапшылығын тудырмай, стационарлар мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.
III деңгейдегі инфекциялық төсек-орындар санын ұлғайту үшін Өскемендегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратына (Пульмонологиялық орталық) күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жерде заманауи жабдықтармен (Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР-зертхана, томограф, Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарымен, төсек жаны мониторларымен және т.б.) жабдықталған 150 төсек-орындық жаңа инфекциялық госпиталь ашылады.