KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Серебрянск қаласында 20 отбасына баспана беріледі

5.08.2020, 09:45 173

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Серебрянск қаласына барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соңғы екі жылда Серебрянск қаласын абаттандыруға облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден бөлінген. Алдағы уақытта жаңадан балалар және спорт алаңдары орнатылып, скверлер пайда болады. Көшелер, аулалар абаттандырылып, тұрғын үй қоры жөнделмек. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 көпбалалы және әлеуметтік топтағы 17 отбасына пәтер беріледі.

- Қала әкімдігіне бос тұрған үйлердің жеке меншік иелерімен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттік меншікке сатып алу және тиісті қалыпқа келтіру туралы тапсырма бердім. Сондай-ақ, жақын арада Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұрынғы әкімшілік ғимаратында Мәдениет үйі ашылады, - деді әкім.

4 мың шаршы метрден асатын Мәдениет үйінің ғимаратында балалар мен спорт үйірмелері, музыка мектебі және түрлі секциялар орын тебеді. 300 орындық акт залы болады. Қосымша 100-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, жақын күндері Серебрянск қалалық ауруханасына мониторлар, инфузоматтар және басқа да қажетті жабдықтар жеткізіледі. Қазір медициналық мекемеде қатты дауыл салдарынан зардап шеккен шатырды жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Осы күзде жеке сектор жылу орталығына қосылады. Бұл бағыттағы жоба бойынша жөндеу жұмыстары да аяқталып қалған ккен.

-Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұдан арғы жұмысы менің жеке бақылауымда екенін ерекше атап өтемін. Қазір жаңа инвесторлар жұмысқа кірісті. Бұрынғы инвестор зауыт қызметкерлері алдындағы жалақы бойынша қарыз міндеттемелерін жабады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен сот органдары бұл мәселемен айналысуда, - дейді Даниал Ахметов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив