KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да күшті жел мектептің шатырын ұшырып әкетті

15.07.2020, 04:02 529

Шығыс Қазақстан облысында күшті жел тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның деректеріне сәйкес, 13 шілде күні Бородулиха ауылында ұйытқып соққан жел «Балалар жасөспірімдер-спорт мектебінің» шатырын ұшырып әкеткен.

– Шатырдың жалпы ауданы – 810 шаршы метр. Жел 468 шаршы метр шатырды ұшырып әкетті. Құлаған конструкция жақын маңда тұрған екі автокөлік зақымдалды, – деп мәлімдеді ТЖД.

Оқиға салдарынан зардап шеккен адам жоқ. Шығын анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу