KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Күршімде мәдениет үйінің шатырын жел ұшырып кетті – ШҚО

28.10.2020, 11:32 146

Күршім ауданының Алғабас ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жағдай туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне түскі сағат он екі кезінде келіп түсіпті. Алғабас ауылында ұйытқып соққан желдің жылдамдығы 19м/с-ға дейін жеткен. Күшті жел мәдениет үйінің шатыры мен бір жақ қабырғасын (70 шаршы метр темір қаптама) қоса жұлып әкетті. Зардап шеккен жан жоқ. Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін аймақта ауа райының бұзылатыны туралы хабарланды.   

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив