KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 19 шілдеге дейін қозғалыс шектелетін болды

4.07.2020, 07:00 241

Шығыс Қазақстан облысында 5 шілдеден бастап 19 шілдеге дейін шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   М.Исмаиловтың коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы № 16 қаулысында айтылды.

Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, жеке және заңды тұлғаларға,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілдедегі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 19 шілдедегі сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілсін.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

2. Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары белгіленсін.

3. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асырылсын.

4. Күн сайын сыртқы орта объектілеріне (көлік, оның ішінде такси, ғимараттар, құрылыстар, көшелер, аялдамалар, саябақтар және т.б.) дезинфекция және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, барлық елді мекендер аумағында ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылсын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу