KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
443.35 475.54 4.82

4-6 шілде аралығында доллар бағамы қандай болады?

4.07.2020, 02:46 393

Ұлттық банк 4-6 шілде аралығында доллардың ресми бағамын қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Орталық банктің мәлімдеуінше, сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері америкалық валютаның ресми бағамы 405,69 теңге болады. Бұл жұма күнгі долларға қарағанда 8 тиынға арзан (405,77 теңге).

Бұған дейін Сауд Арабиясы ОПЕК+ елдері өндірісті қысқарту туралы келісімді орындалмаған жағдайда мұнай соғысын ұйымдастыра алатынын мәлімдеген болатын. Араб елінің энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Сальман жақында Ангола мен Нигерияға ультиматум жариялады. Ол орындалмаған міндеттер өтелу үшін өндірісті тағы қысқарту бойынша қосымша жоспар ұсынуды сұрады. Сондай-ақ, ол Ангола мен Нигерияның жолын кесу үшін мұнайды арзан бағада сата бастауы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жарты жылдықта 7,7 миллионға және 2022 жылғы сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге қысқарту туралы келісім жасаған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив