Кез келген зиратқа қоюға рұқсат етіледі - министр
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты
"Өлгендерді жерлеу тәртібі маңызды болып қала береді. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зиратқа қоюға рұқсат етіледі", - деді министр.
Сондай-ақ, ол коронавируспен ауыратын науқастардың таралуы өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 30 маусымда 40 мыңға жуық науқас тіркелген. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді.
Оқи отырыңыз