ШҚО-ның "сэс" мамандары науқастарды жерлеуге қатысты сұрақтарға жауап берді

СҰРАҚ: КВИ-мен ауырған науқастарды жерлегенде қандай шаралар сақталынуы тиіс?ЖАУАБЫ: COVID-19 вирусымен ауырған науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жерлеумен айналысатын барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе FPP2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды пайдаланады.
Мәйіт қайтыс болған адамның туыстарына жерлеу үшін тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларының сақталуын түсіндіре отырып және тиісті қолхат ала отырып беріледі.
Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды. Жерлеу рәсіміне қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
СҰРАҚ: Соңғы өзгерістерге сәйкес, енді коронавирустан қайтыс болған адамның жақындары мәйітті қалаған жерге жерлей алатын болды. Себебі неде?
ЖАУАБЫ: Кез келген процесс сияқты, уақыт өте келе, инфекция туралы жаңа ақпараттың пайда болуымен регламенттеуші құжаттар да өзгерді. Қазіргі уақытта іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына сәйкес COVID-19 диагнозымен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу үшін жеке зират бөлінбейді, жоғарыда айтылған сақтану шараларын ұстана отырып, мәйітті жалпы зираттарда жерлеу рәсімі жүргізіледі.
СҰРАҚ: КВИ-мен ауырып қайтыс болған адамдарды жерлеу жағдайлары туралы мәселе кімнің бақылауында?
ЖАУАБЫ: Мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық (қалалық және аудандық) бөлімшесінің маманы, ол болмаған жағдайда БМСК маманы жерлеу рәсімін жүргізуге жауапты адамдарда қолхаттың және жерлеу рәсіміне қатысушылардың жеке қорғану құралдарының болуын тексеру арқылы жүзеге асырады.
ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті