KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да коронавирус инфекциясымен 10 адам тіркелді

13.06.2020, 06:56 211

Науқастардың ішінде 7 адам Семей қаласының тұрғындары.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласындағы науқастардың бірінен бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, ал 3 адамнан ЖРВИ белгілерімен болған соң мониторинг жүргізу кезінде, 2 науқастан денсаулық жағдайына байланысты, 1 науқас профилактикалық мақсатпен Ақтау қаласынан вахталық жұмысқа келген тұлға ретінде тексерілді.

Үржар ауданының тұрғыны, әйел адам скринингтік тексеру кезінде, Зайсан ауданындағы науқастан денсаулық жағдайына байланысты, ал ӨСОА белгілерімен түскен Алтай ауданының тұрғынынан мониторинг барысында анықталды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының және медицина қызметкерлерінің мобильді тобы ұйымдастырылып, ошақтарға дезинфекция жүргізілуде.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста 234 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 103.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу