KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді

4.06.2020, 04:14 151

ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семей, Өскемен қалалары мен Тарбағатай, Үржар аудандарында 11 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Семейде 1 науқас, Өскеменде – 2 науқас, Тарбағатай ауданында – 1 науқас, Үржар ауданынында – 7 науқас тіркелді.

7 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 1 науқастан мониторинг жасау кезінде, қалған 3 науқастан денсаулығы нашарлап, жоғары температурамен өз өтініштерімен келген кезде анықталып отыр.

Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Облыс аумағында коронавирусты жұқтырғандардың саны 159 адамға жетті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу