KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды

8.06.2020, 03:31 236

ШҚО-да коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауру белгілері айқын топқа кірген науқастардың ішінде Семей қаласының 1960 және 1948 жылы туған екі тұрғыны, сондай-ақ, Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскери борышын өтеуге келген 1997, 2000 және 2002 жылы туған ер азаматтар бар.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалған 3 науқастан профилактикалық мақсатпен скринингтік тексеру кезінде анықталды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 190 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 57.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу