KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Бесқарағай, Көкпекті, Ұлан, Өскемен және Семейден коронавирус шықты

25.06.2020, 04:50 229

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 48 адам ауру белгілерімен анықталды.

Науқастардың ішінде 20 адам Семей қаласынан, 18 адам Өскеменнен, Бесқарағай, Абай аудандарында 4 адамнан, Көкпекті, Ұлан аудандарында 1 адамнан.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 4 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 38 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 6 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 555 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 172.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу