KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Өнер музейі: «Карантин кезінде үйде іштері пысқан балалардың қуанышында шек жоқ»

3.06.2020, 04:32 168

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты айтулы мереке тек музей қызметкерлерінің балаларының қатысуымен өтті.

Шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Әр түрлі ойындар ойнап, туған жерінің көркем жерлерін ақ параққа өрнектеді.

– Халықаралық балаларды қорғау күніне орай музей қызметкерлері музейге өз балаларымызды әкеліп, мерекелерімен құттықтадық. Мұнда балалармен қосылып біз де ән атып, өнер көрсеттік. Сонымен қатар, балаларға сурет салғызып, музейдегі көрмелерге экскурсия жасадық. Карантин уақытында үйде іштері пысқан балалардың қуанышында шек жоқ. Біздің мақсатымыз – балалар өз бойындағы өнерін көрсету арқылы олардың жасырынып жатқан талантын ашу, – дейді Экспозициялық көрме секторының маманы Есенбол Нақтыбай.

Музей қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік шараға балалар дән риза.

– Барлық достарымды мерекелерімен құттықтаймын. Мен сурет салғанды жақсы көремін. Өскенде суретші болғым келеді. Музейдегі аға, әпкелермен ойын ойнадық. Ән айттық, сурет салдық. Маған қатты ұнады, – дейді Аяна Дарханқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу