ШҚО-да карантин мерзімі ұзарды
Шығыс Қазақстан облысында карантин мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы №11 қаулысы шықты.
Соңғы жеті күн ішінде инфекция жұқтыру көрсеткіші облыс бойынша 9,3%-ға, Өскеменде 14,3%-ға, Семей қаласы бойынша 17,8%-ға тең болды. Осыған байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин және шекету шаралары 13 маусымға дейін ұзарды. Облысқа кіріп-шығу кезінде, блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Қала мен ауыл-аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету бағытында қатынайтын көліктер күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң түрде сақтай отырып, қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша жүреді. Маскалық режим, әлеуметтік арақашықтық, сауда нысандарнда санитарлық нормалар әлі де қатаң сақталуы тиіс.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің №11 қаулысымен толық танысу үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/37677?lang=kk