29 мамырға арналған ауа райы болжамы
29 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Солтүстік, солүтстік-батыс аймақтарда кей жерлерде циклонның әсерінен өткіші жауын не бұршақ жауып, найзағай болуы, дауыл соғуы мүмкін.
Республика аумағында кей жерлерде жел тұрады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжануда. Оңтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, ШҚО, Алматы, Қызылорда, БҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстауда тұман түседі. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарында ыстық ауа райы сақталады.