Өскемен: 22-ші шағын ауданды қандай өзгеріс күтеді?
Өскемен әкімі Жақсылық Омармен 22-ші шағын аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар әкімнен футбол алаңы мен балалардың ойын алаңын абаттандыруды сұрады.
– Балалар алаңын, воркаут пен футбол алаңын жабдықтау жоспарымызда бар. Бұл жобаларға бюджеттен ақша қарастырамыз. Бірақ алдымен тұрғындар қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Еркін Тұраровпен бірге нысандарды орналастыратын учаскелерді анықтауы тиіс, – деді Өскемен әкімі.
Қала басшысы жобаны биыл іске асыруға мүдделі екенін айтты.