Курорттар мен шипажайлар қашан ашылады?
Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады. Қонақүй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды.
Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.
"2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақүйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды", - деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.
25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.
Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.
Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.