KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

200 литр жанармай ұрлаған тұрғын ұсталды – ШҚО

23.05.2020, 11:34 294

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданының тұрғыны 200 литр дизель жанармайын ұрлаған. Алайда қаскөйді блок-бекеттегі тәртіп сақшылары қолға түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

20 мамыр күні сағат 21.30-да №2 блок-бекеттің тәртіп сақшылары «УАЗ» маркалы жүк көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Көліктің жүк салғышынан құжатсыз 200 литр дизель жанармайын тапқан полицейлер 49 жастағы тұрғынның аудандағы ЖШС-лардың бірінде ұрлық жасағанын анықтады.

– Айғақты зат тәркіленді. Күдікті кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті тексеру жүргізілуде, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу