KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да 19 рет мал ұрлаған қылмыскерлер ұсталды

26.02.2020, 04:01 199

Шығыс Қазақстан облысында 19 рет мал ұрлаған екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция департаментінің деректеріне сәйкес, Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылының 21 және 23 жастағы екі тұрғыны бірнеше ай бойы Семей қаласының аумағында мал ұрлығымен айналысқан. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірген. Ұрланған малдың еті мен терісі, қылмыс жасаған кезде пайдаланған көліктері тәркіленіпті. Сондай-ақ мал етін сатуға көмектескендер де анықталған.
Күдіктілердің 19 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденіп отыр. Жүз бастан астам мал ұрлаған. Осы негізде ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив