Ұлан ауданында жылыжай құрылысы басталды
Донское ауылында қызанақ, қияр, құлпынай өсіретін жылыжай құрылысы басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш жоба ауданда жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді екен.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
- Маусымаралық кезде 1 мың тонна өнім шығаратын аумағы 1,5 га жылыжай 50 жұмыс орнын ашады. Жобаға 80 миллион инвестиция салу жоспарлануда, - дейді аудан басшысы.
Жаңа кәсіпорынның арқасында:
-Ішкі және сыртқы нарыққа өткізу үшін жоғары сапалы, экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнім алу;
-ШҚО және Алтай өлкесі жұртын ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу нәтижелерінен пайда алу;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорын өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және ұсыну, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қол жеткізуге болады деп күтілуде.