KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Марқакөлге қарақұтан қонды

19.05.2020, 03:47 251

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері әлеуметтік желіде қарақұтанның суретін жариялады. Қызыл кітапқа енген құс қорық аумағындағы айдындардың біріне жуықта ғана келіп қонған көрінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ескекаяқтылар отрядына жататын қанаттыларды бұл түрі ел аумағында өте сирек кездеседі. Сол себепті де «қызыл кітаппен» қорғалады. Айдынға қонған қарақұтанды қорықтың экологиялық ағарту жөніндегі мамандары суретке түсіріп алған екен.

Жалпы Марқакөл  қорығының аумағында  құстың 261 түрі бар. Сирек кездесетін, ҚР Қызыл кітабына енгізілген – 18, халықаралық деңгейде қорғалатын 10 қанаттының түрі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу