Қазақстандағы орман запасының жартысынан көбі ШҚО-да орналасқан
Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өткен жылдың және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы қорытындысын шығарды.
Жаһандық жоспарға мемлекеттің егемендігі аса маңызды мәселелерді шешудің негізін қалады. Сондай-ақ ұлттық мұра болып саналатын бай өсімдік және жануарлар әлемін көбейтуге, оларды қорғауға мүмкіндік берді.
Шығыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бақылауды, оларды қорғауды аумақтық инспекция жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты.
- ШҚО мемлекеттік орман қорының алаңы 3 млн 843 мың га. Сондай ақ 2 млн 209 мың га орман алқабы. Өңірдің орман көрсеткіші 7,14 пайызға жетеді, - деп мәлімдеді инспекция бастығы Ділдәбек Оразбаев. – Бізде Қазақстандағы орман запасының жартысынан көбі орналасқан. Олар – қарағай, шырша, балқарағай, сібір қарағайынан тұрады. Жалпы алғанда, табиғатты қорғау алаңы 1 млн 680 мың 310 га құрайды. Бұл шын мәнінде еліміздің құнды байлығы.
Өңірде екі мемлекеттік табиғи қорық бар. Олар – Батыс-Алтай қорығы және танымал Марқакөл қорығы. Екі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ бар – Қатонқарағай және Тарбағатай ұлттық саябақтары. Бір мемлекеттік орман резерваты бар – «Семей орманы». Республикалық маңыздағы мемлекеттік табиғи қорықтар тізімін – Төменгі-Тұрғысын, Қаратал құмдары, Кулуджун (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), «Оңтүстік Алтай» (кешенді) қорықтары толықтырады. Республикалық маңыздағы табиғи ескерткіш бар – «Синегорск шырша тоғайы».
Облыста бірінші болып Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы құрылды. Қорық директорының міндеттерін уақытша атқарушы Әлішер Құрманбаев атап өткендей, қорықты құрудың мақсаты Оңтүстік Алтай табиғат кешенін сақтап қалу, соның ішінде Алтайдағы ірі су айдынындағы бірегей Марқакөл альпі көлін сақтау. Марқакөл көлі әлемдегі ең таза көлдердің бірі. Оның мөлдірлігі 5 – 9 метрге жетеді. Суда хлорорганикалық пестицидтер мүлдем жоқ. Марқакөл көлінде балықтың 4 түрі бар, олар – сібір леногі, хариус, голец, пескарь. Сібір леногі Марқакөл тарихын білдіреді және қорық эмблемасына кіргізілген. Балықтың көптігіне байланысты, бірінші кезекте сібір леногіне байланысты көл маңайына орналасу басталған болатын.
Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының директоры Жанболат Тыныбековтің хабарлауынша, ұлттық табиғи саябақтың табиғи-қорық қорының ландшафты және биологиялық өсімдіктері сан алаун, саябақ аумағының 34 пайызы орманды алқап, өсімдіктің мыңнан астам, құстардың 280 түрі, олардың ішінде Қызыл Кітапқа енген құстардың 25 түрі, сүтқоректілердің 69 түрі, оның ішінде Қызыл Кітапқа енген төрт түрі бар. Сонымен қатар саябақта балықтың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі және 10 мыңнан астам омыртқасыздар мекендейді. Соңғы жылдары Қатонқарағай ұлттық саябағында бұрындары белгілі болмаған, құстардың жаңа түрі табылды – үлкен жасымақ, гуменник, алакөз қара үйрек және басқалары. Сонымен қатар, бірегей өсімдіктердің алты жаңа түрін іздеу сәтті аяқталды.
Қар барысының мекендеген жеріне тұрақты мониторинг жүргізу барысында Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында бірінші рет ол Оңтүстік-Алтай шатқалынан байқалды. 2020 жылы қар барысын үш мәрте Сарымсақты шатқалында фотокамералар түсірді.
«Тарбағатай» ұлттық табиғи қорығы туралы қорықтың бас директоры Әлібек Тоқымтаев айтып өтті. «Тарбағатай» қорығы өзге қорықтармен салыстырғанда жас қорық, ол 2018 жылы құрылды. Ұлттық қорық Үржар ауданында, Тарбағатай тауы шатқалында орналасқан. Оның аумағында тарихи-мәдени гысандары, ежелгі тарихи қорғандар орналасқан. Сонлай-ақ бұл жерлерде тастағы жазбалар мен суреттерде кездеседі. «Тарбағатай» ұлттық қорығына Тарбағатай және Кулуджун зоологиялық қорықтарын қорғау жүктелген. Бұл жерде өсімдіктің 1640 түрі өседі, олардың 35 түрі Қызыл Кітапқа енген, жануарлардың 376 түрі мекендейді, олардың 40 түрі Қызыл Кітапқа енгізілген. Ұлттық қорықта экологиялық туризм дамуда. Бұл үшін 4 маршрут бекітілген, қазіргі уақытта оның екі маршруты бойынша туристерді қабылдауда.
Батыс-Алтай қорығы генетикалық өсім қорын және Батыс Алтай жануарлар әлемін сақтап қалу үшін құрылған. Қорық директоры Қайрды Орсариновтың айтуынша, Батыс-Алтай қорығы флористикалық байлығы және қанықтығы бойынша Қазақстандағы жетекші қорықтардың қатарына енеді. Бұл жерде өсімдіктің 883 түрі бар, олардың 27 түрі Қызыл Кітапқа енген. Саңырауқұлақтың 237 түрі бар. Қорық фаунасы өте бай. Қорық аумағында жануарлардың 214 түрі, құстардың 152 түрі, сүтқоректілердің 55 түрі, балықтың 5 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 4 түрі мекендейді.