ШҚО-да 100 мың шөлмек жалған арақ тәркіленді

ШҚО-да жалған марка жабыстырылған 100 мың шөлмек алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Заңсыз табылған 100 мың шөлмектің жартысы Алтай ауданында Жеке кәсіпкердің қоймасында дайындалған.
Осылайша ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жеке фирмалардың бірінің қоймасынан жалған акциздік маркалар жабыстырылған алкоголь өнімін заңсыз сату және сақтау фактісінің жолын кесті.
Құрамын тексерген мамандар да арақ сапасының өте төмен екенін айтып отыр. Оның үстіне санитарлық талап сақталмаған жерде дайындалса керек. Сондықтан тұтынуға қауіпті екен. Ал қоймаға тексеріп дер кезінде келіпті. 50 мың шөлмек арақ әні-міне қала дүкендеріне таратылғалы жатқан.
Сондай-ақ, тиісті ілеспе құжаттарсыз дәл сол жеке кәсіпкердің атына жіберілген 50 мыңнан астам алкоголь өнімі бар жүк вагонының жолы кесілді.
Енді заңсыз тауардың көзі жойылып, қойма иелері қылмыстық жауапқа тартылатын болады.
- Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 233-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.