KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да экономикалық алаяқтар 4 миллиард теңгені жымқырды

7.05.2019, 09:01 178

Бұл туралы Экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткен жылы Департаментте 346 қылмыстық іс қозғалған болса, қазіргі уақытта оның 256-ы аяқталды.

 

– Мысалы, өткен жылы ұйымдасқан қылмыстық топты құрудың бес фактісі анықталды. Жалған шот-фактураларды шығару фактілері бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, тағы 23 іс – салық төлеуден жалтару фактілері бойынша қозғалды, – деп мәлімдеді Ведомство.

 

Сонымен қатар ЭТД мамандары заңсыз ойын бизнесі фактілері бойынша тоғыз қылмыстық істі, алкоголь өнімінің заңсыз айналымы бойынша бес қылмыстық істі қараған екен.

 

Сондай-ақ экономикалық полиция бюджет саласында және квазимемлекеттік секторда 98 құқық бұзушылықты анықтады. Белгіленген шығын сомасы 4,4 миллиард теңгені құрады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Экономикалық тергеу департаментінің қызметі – экономикалық саладағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу