KZ
Өскемен
-28°
туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

ШҚО-да оқушылар арасында онлайн-олимпиада өтті

13.05.2020, 05:49 127

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасында онлайн-олимпиада өтті. Аталмыш бәсекеде Алтай ауданының жеткіншектері жүлдегер атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
5-6 сынып оқушылары бақ сынасқан облыстық кешенді олимпиада карантин талаптарына сәйкес онлайн режимінде өттті. Оқушылар математика және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін сынады.
– Олимпиаданың мақсаты дарынды балаларды танып, оларды одан сайын дамыту және қолдау көрсету. Сондай-ақ сайыс оқушылардың зияткерлікке деген ынтасын арттыра түседі, – деп жазылған Алтай ауданы әкімдігінің ресми сайтында.
Сайысқа Алтай ауданынан №6, №9, №8 орта мектептер мен жергілікті мектеп-лицейінің атынан алты бала қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша №6 мектептің алтыншы сынып оқушысы Воробьева Татьяна және №9 мектептің алтыншы сынып оқушысы Мухаммедхан Халихан жүлдегер атанды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу