KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қалыпты өмірге оралу маусымның басы деп болжанып отыр - Даниал Ахметов

13.05.2020, 02:58 142

ШҚО әкімі Даниал Ахметов карантин режимін аяқтау, қалыпты тыныс-тіршілікке оралу маусымның басына болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыс әкімінің инстаграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасап. Әкім тұрғындар көкейінде жүрген ең маңызды деген сұрақтарға жауап бере отырып, коронавирустың жаңа жағдайларының болмауына кепілдік беретін тиісті шараларды жалғастыратынын да жазған.

Толық мәтінді назарларыңызға ұсынамыз.

"Құрметті жерлестер!

Дер кезінде қабылданған шаралар мен сіздер танытқан жауапкершіліктің арқасында Шығыс Қазақстанда басқа аймақтарға қарағанда COVID-19 вирусын жұқтыру деңгейі айтарлықтай төмен екені белгілі. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап біздің межеге алған басты мақсатымыз - өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтау. Сондықтан коронавирустың жаңа жағдайларының болмауына кепілдік беретін тиісті шараларды қабылдаймыз.

ШҚО карантиннен келесі ретпен шығады. 12-мамырдан бастап, Семейден өзге барлық қалалар мен аудандарда кезең-кезеңмен жұмыс режиміне көшу басталады.

12.05.2020 жылдан бастап ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілері, сондай-ақ, сұлулық салондары, гүл дүкендері жұмысқа кіріседі.

18.05.2020 жылдан бастап компьютерлік, тұрмыстық техникаларды сату және жөндеу салондары ашылады. Бұл санатта құрылыс материалдарын бөлшек сатумен айналысатын сауда орындары, автосалондар, ломбардтар, кір жуу және химиялық тазалау кәсіпкерлік нысандар кіреді. Бұдан бөлек, ашық алаңдардағы спорт нысандары, қашықтықтан жеткізу және тамақты өзімен бірге алып кету шартымен қоғамдық тамақтану орындары іске кіріседі. Алдын ала кезекті брондау тәртібі бойынша ХҚКО жұмысы басталады.

Саяжай учаскелеріне бару жөнінде көптеген сұрақтар түсті. Сонымен, саяжайға жұп, тақ күндері, сенбі, жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда қатынауға рұқсат берілген.

Жағдай жақсарған жағдайда, рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі тоқтатылады. Қауіпті вируспен күрес аяқталмағандықтан, сіздерден өз игіліктеріңіз үшін бетперде тастамауды, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймын.

Жұмыс режиміне көшудің барлық кезеңдері облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болатынын ерекше атап өткім келеді.

Жалпы, карантин режимін аяқтау, қалыпты тыныс-тіршілікке оралу маусымның басына болжанып отыр", деген жазба қалдырды Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу