KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Ертеңнен бастан ШҚО-да карантиндік шаралар жеңілдей бастайды

2.06.2020, 10:20 131

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарына хабарландыру жасады. Оның айтуынша, 3 маусымнан бастап аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарай, карантин жеңілдей бастайды.

1 маусым күні облыстағы жедел штаб елдегі және облыстағы жағдайды ескере отырып, карантин режимін жеңілдететін келесі кезеңге рұқсат берген.

«Төтенше жағдай енгізілген алғашқы күннен бастап біз үшін шектеу шаралары мен экономикамыздың және азаматтардың әл-ауқатын арасындағы балансты сақтау маңызды болды. Сондықтан кезең-кезеңімен барлық шектеулерді толық алып тастау және әдеттегі өмірге оралу бағытында жұмысты жалғастырамыз. Облыс бойынша карантин режимі 13-маусымға дейін қалады. Бірақ 3-маусымнан бастап, Семейден өзге барлық аудандар мен қалаларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік міндеттерін сақтай отырып, түнгі клубтар мен кальян тарту орындарынан басқа кәсіпкерлік және өзге де қызметтің барлық түрлері жұмысын қайта бастайды», - деп жазған облыс әкімі өзінің жеке парақшасына.

Бұдан өзге, Даниал Ахметов атап өткендей, кинотеатрлар мен театрлар 50% сыйымдылықпен жұмысын бастайды. Осындай талаппен қоғамдық тамақтану нысандары да жұмыс істейді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив