Ұлан ауданында жылжымалы дәріхана жұмыс істейтін болды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жылжымалы дәріхана жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар барлық қажетті дәрі-дәрмектерді жылжымалы дәріханадан оңтайлы бағамен сатып ала алады. Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram парақшасында жазды.
– Құрметті ұландықтар, біздің ауданда жылжымалы дәріхана өз қызметін бастағанын айтқым келеді. Ол жерден барлық қажетті дәрі-дәрмектерді оңтайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Дәріхана бірінші Герасимовка және Украинка ауылдарына қарай жолға шығады. Одан кейін «дөңгелекті» дәріхана стационарлық дәріханалары жоқ округтерге қарай жылжиды, – деп жазды Н.Сақтағанов.
Дәріхананың қозғалыс бағыты туралы тұрғындарға алдын-ала хабарланатын болады.