ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмекті үйінде жасырып, қымбат бағамен сатқан
ШҚО-да фармацевтің дәрі-дәрмектің үлкен партиясын үйінде жасырғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, алты дәріхана дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатыпты. Тағы бірқатар дәріханаларда препараттар дәрігердің нұсқаулығысыз берілген.
- "Тексеру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында фармацевттң "Трамадол" препаратын жоғары бағамен сатқаны анықталды. Бұл препараттың дәрігердің нұсқаулығы бойынша ғана берілетінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, фармацевт дәрі-дәрмектердің ірі партиясын үйінде сақтаған", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
44 жастағы фармацевт әйелдің тұрғылықты жерін тексеру барысында 2,5 мыңға жуық "Трамадол" пластинасы мен "Тропикамид" дәрілік препаратының 190 құтысы тәркіленіп отыр.