"Вирустан қорғану үшін бас киім киіп жүрген дұрыс"
Ресей вирусологы, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн короновирустың қандай жолдармен таралатынын айтты.
– Адам шашындағы вирус бірнеше күн өлмейді. Сол себепті көшеге шыққанда бас киім киіп жүрген дұрыс, – дейді эксперт.
Көшеге шыққанда арақашықтық сақтауды ұмытпауды да ескертеді ол.
– Көшеде таныс адамдар міндетті түрде кездеседі ғой, сол себепті маскаңызды ұмытпаңыз. Арақашықтық сақтау да есіңізден шығып кетпесін, – дейді ғалым.
Оқи отырыңыз