Коронавирус: науқастардың саны 4 мыңға таяды

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде: Батыс Қазақстан облысында – 1, Атырау облысында – 4, Жамбыл облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам.
Ел аумағында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 3920 адамға жетіп отыр: Алматыда – 1285, Нұр-Сұлтанда – 690, Қызылорда облысында – 214, Шымкентте – 211, Атырау облысында – 181, Батыс Қазақстан облысында – 174, Қарағанды облысында – 155, Ақтөбе облысында – 153, Павлодар облысында – 150, Алматы облысында – 149, Жамбыл облысында – 149, Түркістан облысында – 135, Ақмола облысында – 100, Маңғыстау облысында – 65, Қостанай облысында – 50, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Шығыс Қазақстан облысында – 29 науқас тіркелген.