KZ
Өскемен
+35°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

"Тұрғындарға ескертуге міндетті емес". Өскемендегі "қою қара түтіннің" мән-жайы

30.04.2020, 09:21 149

«Қазанагрегатты үрлеп тазартқан». Өскеменде шыққан қою қара түтіннің мән-жайын Экология департаменті қайтадан түсіндірді.

Естеріңізде болса, 27 сәуірде жылу электр орталығынан шыққан «қою қара түтінге» байланысты тұрғындар экология департаментіне шағым түсірген. Департамент оған қатысты «ауаны ластағыш заттардың шекті мөлшерден аспағаны белгілі болды» деп жауап берген.

Бүгін департаменттің қою қара түтіннің шығу себебін түсіндіруге тырысқан ақпараты жарияланды.

«Жылу электр орталығының мәліметінше, мекеме қазанагретты үрлеп тазартқан. Қою түтін сол кезде шыққан. Тазарту 15 минут уақытқа созылған. Сол күні желдің жылдамдығы қатты болғандықтан, түтін лезде сейіліп кеткен. Осы себепті жерден 2,5 метр биіктікке дейінгі сынама алынған аралықта ластағыш заттар шекті мөлшерден аспаған», – деп жазылған онда.

– Қазіргі заңда мекеменің қазанагрегатты тазартуы үшін арнайы ескерту жасауы міндеттелмеген. Біз алдағы уақытта осы мәселені заңда қарастыруға, мекеме қою түтін шығару үшін тұрғындар мен мемлекеттік органдарға алдын ала ескертуге тиісті болуы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сұраныс жолдадық, – деді экологтар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив