Семейлік ғалымдар коронавирустан емдеудің жаңа әдісін тапты
Семейлік ғалымдар коронавирустан емдеудің жаңа әдісін тапты. Науқастардың бірі терапиядан өтіп, жазылып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семей медициналық университетінің ғалымдары бұрыннан белгілі «Сурфактантты» пайдалана отырып, жаңа әдіс тапты. Аталмыш препарат негізінен респираторлық дистресс-синдром кезінде өкпе қысылғанда қолданылады.
Мамандардың айтуынша, бұл инфекцияға қарсы дәрі нақты табылды деген сөз емес. Бұл – емдеудің тиімді бір әдісі ғана.
Университет ректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, ғалымдар коронавирусты емдеуде қандай препараттардың оң нәтиже көрсететіні туралы шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, жаңа әдісті ұсынып отыр.
Ғалымдар әдістемені әзірлеуге «Болашақ» бағдарламасының түлегі Марат Сыздықбаевтың басшылығымен 2019 жылдың желтоқсан айының соңында кіріскен. Қазақстандық және шетелдік технологияларды түгел пысықтаған көрінеді.
Айтып өткеніміздей жаңа әдіс бойынша ауыр жағдайда болған бір науқас емделді. Ол 25 сәуірде стационардан шыққан.