KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

ШҚО-ға Ресей мен Атыраудан 250-ге жуық адам келеді

26.04.2020, 10:29 58

Шығыс Қазақстан облысына Ресей мен Атыраудан 250-ге жуық адам келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келіп қонады деп жоспарлануда. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
– Бортта «Tengizchevroil» компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының тұрғындары болады. Айта кетейін, олардың барлығы коронавирус инфекциясына тестілеу мен тиісті тексерулерден өтті. Жалпы саны 149 адам келеді, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ дәл осы күні өңірге Ресейден арнайы автобус келмек. 

– Барнауыл арқылы медициналық тексеруден өткен 108 қазақстандық елге қайтып оралады. Біздің тарапымыздан азаматтарды қабылдау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шарасы қамтамасыз етілетін болады. Келгендер анықтамалардың болуына қарамастан медициналық тексеруден, ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуінен өтеді, – деп атап өтті Ахметов.

Әкімнің сөзінше, жолаушылардың барлығы уақытша карантиндік стационарларға орналастырылады. 

– Ол жерлерде полиция бекеттері орнатылып, тәулік бойы санитариялық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Талдау нәтижелерін алғаннан кейін және карантин мерзімі аяқталған соң олар тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберіледі – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу