KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

ШҚО әкімі Атыраудан келетін арнайы рейске қатысты өз пікірін айтты

27.04.2020, 04:21 54

Бүгін, яғни 27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. Бортта "Tengizchevroil" компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары бар. Осыған қатысты облыс әкімі даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында пікір білддірді.

"Айта кетейін, олардың барлығы коронавирус инфекциясына тестілеу мен тиісті тексерулерден өтті. Жалпы саны 149 адам.

Сонымен қатар, осы күні өңірге Ресейден арнайы автобус ат басын тірейді. Барнауыл арқылы медициналық тексеруден өткен 108 қазақстандық елге қайтып оралады.

Біздің тарапымыздан азаматтарды қабылдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары қамтамасыз етілетін болады. Келгендер анықтамалардың болуына қарамастан медициналық тексеруден, ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуінен өтеді.

Барлығын уақытша карантиндік стационарларға орналастырамыз. Ол жерлерде полиция бекеттері орнатылып, тәулік бойы санитарлық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі.

Талдау нәтижелерін алғаннан кейін және карантин мерзімі аяқталған соң олар тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберіледі", деп жазады ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу